Сәлеметсіз бе, Қонақ
Қолданушының аты Құпия сөз: Мені есте сақта
  • Страница:
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

ТАҚЫРЫП: "Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 years 6 months ago #2689

  • Бибигуль
  • Бибигуль's Avatar
  • САЙТТА ЖОҚ
  • Новый участник
  • Сообщений: 2
  • Thank you received: 2
  • Атағы: 0
"Жақсының жақсылығын айт,нұры тасысын деген халық даналығы.Адам баласын игі істерге бастайтын,ізгі жүректің қалауы-жақсылық.Мейірімді жақсы адамның жүзінде нұр ойнаған,пейілі кең,сүйіспеншілікке толы жылы жүректі адам әрқашан жақсылыққа жол таба біледі.Жақсы адамның бойынан табылатын рухани-адамгершілік касиеттері айналадағы адамдарға мейірімділік пен сүйіспеншілік, кешірімділікпен, сыпайылықпен қарап,қолынан келгенше көмек көрсете алу.Жақсы жылы жүректі адамның бір ауыз айтлған жақсы да жылы сөзі адам баласының жанын марқайтып,жадыратады.Жақсылық барша әлемнің тұтқасы.Жақсылық-игілік атаулының түп бастауы болғандықтан,ол әрқашан да әлемге жылу сыйлайды.
Администратор жалпыға хабар жазуға тиым салған
Алғыс білдірген(дер): Эльдар

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 years 6 months ago #2690

  • Нагима
  • Нагима's Avatar
  • САЙТТА ЖОҚ
  • Новый участник
  • Сообщений: 1
  • Thank you received: 1
  • Атағы: 0
Биік төбеге шықсаң, Көзің ашылады. Жақсыменен сөйлессең, Көңілің ашылады.
Жақсылығымыз жақын болсын. Кейде адамдар «Жақсылығым алдымнан шықпайды», - деп ренжіп жатады. Жақсылық сатусыз жасалады. Жақсылық - өлшеусіз құндылық. Жақсылықты ұқпаған адам күндердің күнінде ұғатын болады. Тек, асықпау керек,ішкі тыныштық болу керек. Адамгершілік пен имандылық - жақсылық әкеледі. Адамға жағымды нәрселердің барлығы Жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат – мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс - әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына баға беріледі. Жақсылық адамның ізгілігін анықтайды.
Администратор жалпыға хабар жазуға тиым салған
Алғыс білдірген(дер): Эльдар

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 years 6 months ago #2722

Құрметті әріптестер, баршаңызға белсенділік танытып, құызығушылықпен қатысқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Жақсылық жасай білейік!
Администратор жалпыға хабар жазуға тиым салған

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 years 6 months ago #2723

Бибигуль, рахмет.
Администратор жалпыға хабар жазуға тиым салған

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 years 6 months ago #2724

  • Айшат
  • Айшат's Avatar
  • САЙТТА ЖОҚ
  • Новый участник
  • Сообщений: 8
  • Thank you received: 4
  • Атағы: 1
Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Сол жылдары, дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Туған жерді қасиет тұтып, ата-мекенді ардақтау Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты.
Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрдайым мақтан тұтамыз. Елімізді ғана емес, Еуропаны фашизмнің қара түнегінен азат еткен ардагер ағаларымыз бен апаларымыздың бізге жасаған жақсылықтарын кейінгі ұрпақ - біз ешқашан ұмытпаймыз. Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз. Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әрқашан қадір тұтамыз, қастерлейміз. Олардың ерлігі ешқашан естен шықпақ емес.
Қамықпаған қиындықтың түсінен,
Қамықпаған қиындықтың түгінен.
Өздеріңе жинап қырдың гүлінен,
Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан,
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Администратор жалпыға хабар жазуға тиым салған

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 years 6 months ago #2733

Абайдың қара сөздері
ЖЕТІНШІ СӨЗ
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген.
Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықпен орны болмайды. Оны білмеген соң, ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?
Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілменен қарамадық, көзбен де жақсы қарамадық, көңіл айтып тұрса, сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық, оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз. Біреу кеткенін айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Ой, тәңірі-ай, кімнен кім артық дейсің!» - дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.
Көкіректе сәуле жоқ, көңілде сенім жоқ. Құр көзбенен көрген біздің хайуан малдан неміз артық? Қайта, бала күнімізде жақсы екенбіз. Білсек те, білмесек те, білсек екен деген адамның баласы екенбіз. Енді осы күнде хайуаннан да жаманбыз. Хайуан білмейді, білемін деп таласпайды. Біз түк білмейміз, біз де білеміз деп надандығымызды білімділікке бермей таласқанда, өлер-тірілерімізді білмей, күре тамырымызды адырайтып кетеміз. [/b][/b]
Администратор жалпыға хабар жазуға тиым салған
Алғыс білдірген(дер): Эльдар
  • Страница:
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5