«Бөбек» ҰҒПББСО 20 жылдығына орай «Білім беру ұйымдарында педагогикалық үдерістегі өзін-өзі танудың метапәндік рөлі»

  • Главная
    Главная Страница отображения всех блогов сайта
  • Категории
    Категории Страница отображения списка категорий системы блогов сайта.
  • Теги
    Теги Отображает список тегов, которые были использованы в блоге
  • Блоггеры
    Блоггеры Список лучших блоггеров сайта.
  • Блоги групп
    Блоги групп Страница списка лучших командных блогов.
  • Авторизация
    Войти Login form

Ата-бабаларымыздың даналығы отбасылық дәстүрде.

 

                                                                                              Әке көрген, оқ жонар,

                                                                                              Ана көрген тон пішер.

                                                                                               қазақ мақалы.

 

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Қазір де солай. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан. Сол рухани үндеу бүгінгі күнге жеткізді. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 20 жылдан асқан тарихында  қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге демеу. 

Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегиясында жаңа қазақстандық патриотизм туралы айтылған болатын. Ұлт Көшбасшысы Н. Назарбаевтың «.. патриот – ол Қазақстанды шын сүйетін, ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, бойында адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттері бар, халқының дәстүрі мен Отанына деген сүйіспеншілігі мол адам» деген сөзін бүгінгі жастар естен шығармауы керек. Бойында намыс оты ойнаған, ұлт тәрбиесін сіңірген, иманды да инабатты, тәрбиелі, ана тілін ардақтаған қазақтың текті Сіздер сияқты қыздары ғана ұлттық құндылықтарды қастерлеп, адалдық, ар-намыс, ізгілік қасиеттерді бойына жинақтары сөзсіз.

 

          Қазақ халқында жеке адамның азамат боп қалыптасуында, қоғамның сүттей ұйып, берекелі ғұмыр кешуінде және сол қоғамның адами қағидаларды берік ұстана отырып дамуында елдің қариялары мен ақ жаулықты әжелерінің рөлі зор болған. Ауыл аймақтың ірілі-ұсақты мәселелері қашанда ушықпай тұрып ауыл ақсақалдарының қолымен шешілетін. Ал ақ жаулықты әжелеріміз абысын-ажын, келін-кепшік қала берді бойжеткен қыздардың барлығының қысылғанда жүгінетін ақылшысы, билік айтар төрешісі боп, қоғамның дұрыс дамуына жағдай жасайтын үлкен тәрбие мектебін қалыптастырған. 
          Қазақы тәрбие мен дін Исламның құндылықтарынан қатар сусындататын осындай қарттарымыздың өнегелі тәрбие мектебін «ата-әже» институты десек қате айтпаған болармыз. Ата-әже балаларға өмірде көрген, білгенінің бәрін ақтарып, болашақта қазақы да иманды азамат болуына оң ықпал жасайды.
         Рас, біз таза қазақы қоғамды кө
рмедік, бірақ ата-әжелеріміз өздері көрген сол бір қазақы тіршіліктің қыр-сырын бізге түсіндіріп үйретсе екен деген мақсатпен № 26 мектеп-балабақша басшысының ұсынысымен және бастауыш сынып мұғалімлердің қолдауымен  «Әжелер мектебін» ұйымдастырып «Ата-бабаларымыздың даналығы - отбасылық дәстүрде» атты кездесулер өткізіп отырдық. Ата-әжелердің тәрбиесін көріп өскен бала қазіргі қоғамға кері әсерін тигізеді деп ойламаймыз, сондықтан да, біздің оқушылардың әжелерімен біраз жұмыс жасап, олардың көз қарастарын біле отыра осы жұмысты бастауға ақ жаулықтағы әжелердің көмегіне жүгіндік, олар біздің ұжымның бастамасын қуана қолдап, осы жұмысты жаңғыртуға көмектерін аямады. «Әжелер мектебі» тәрбиелік мектеп болып, бізге ұлттық тәрбиені және сол ұлттық тәрбиенің түпкі бастауы болған дәстүрлі қазақ халқының құндылықтарымен таныстырып, өздерінің ақыл-кеңестерін беріп, болашақтағы ұлт азаматы ретіндегі ұстанымымыздың қандай болуы керектігіне бағыт-бағдар көрсетіп берген еді.
         Арасында әжелердің әңгімелеріне құлақ асып, сусына тыңдап отырдық. Кешқұрым бәріміз отбасымызда түгел майшамның жанына жиналғанда атамыз домбыра шертіп, әжеміз болса біздерге ескі кітаптардағы баталарды және қазақ билерінің шешендік сөздерін оқып отыратын сол бір күндер санамызда тәтті естелігімен мәңгіге өшпестей боп қалды. Енді міне үлкен өмірге қанат қаққан сәтте сол шуақты күндерді сағынышпен еске аламыз.

 

Аталарымыз әжелер мектебінде істеген істерге қуанышпен қарап, өздерінің батасын береді. Негізі бата бір адамның өзгелерге ризалығы ретінде тілеген дұға, тілегі.
Қазақта қол жайып бата беруді балаларға жастайынан үйретеді. Баталар «ас қайыру батасы», «жастарға берілетін бата», «үй иесіне берілетін бата» т.б болып бөлінеді.
           Әжелер  мектебінде қыздарға  тәлім-тәрбие беріп, білім ордасында  тұлға болып қалыптасып, бүгінгі қазақ аруы, ертеңгі жар, аяулы ана, ардақты әже атануда ең алдымен тәлім мен тәрбие қажет деп есептейді. Қыз тәрбиесі, бұл – ұрпақ тәрбиесі. Осы жауапкершілікті үнемі сезініп жүруге тиіс екендерін ұғындыру әжелер мектебінің  басты ұстанымы. «Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды» деген екен қазақ, сондықтан да, біздің «Ең басты мақсатымыз – қазақ қыздарының тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу. Қазақ қыздарына ұлттық тәрбиеден дәріс беру. Қазір өсіп келе жатқан ұрпақ өзінің ұлтының ертеңгі болашағы екенін білсін дейміз.
Уақыт өзгереді, келесі ғасырдың адамы да, көзқарасы да бөлек
 
болады. Дүниенің дөңгеленгені сияқты, адам қоғамды бір орында ұстап тұра алмайды. Мысалы, ғасыр бөлек болса, бола берсін, әр гүлдің өзінің топырағында өсетін тамыры болуы керек. Әр ағаштың өз топырағынан алатын нәрі болуы керек. «Мына ғасыр бөлек екен» деп, тамырсыз гүл сияқты солып өте шығуға болмайды. Сондықтан  әжелер тамырынан, ғасырлар қойнауынан, өзіңнің қаныңнан тәрбиенің негізін алып, сол жолда жүрсең, өмірің бекер өтпейді. Қазақ баласының ұлттық тәрбиесін ұмытуға болмайды. Біз қай қоғамда өмір сүрсек те, басқа ұлт өзінің түрімен, тілімен танылып тұрса, кең даланың ұрпағы да өзінше танылуға тиісті. Біз қазақ даласының  өзіндік дәстүрін сақтауымыз керек. Басқа жерге барғанда «Мынау қазақ қызы» деп ерекшеленіп тұрса, қандай жақсы.
  Қазақ қызы деген өзгеге ұқсамайтын дала мінезімен ерекшеленуі керек. Одан парасат пен ақыл үйренсе артық па екен? Бүкіл далаға, ұлтқа ана болатын қыз тәрбиесі оп-оңай қарайтын нәрсе емес. Біздің қазіргі қыздарға ұлттық тәрбие ерекше қажет кезең. Ол алдымен ұлттық намыстан бастау алады. 

 

         Әжелер мектебінде қол өнерін дамытуда іс-тігіп, алаша тоқуға үйренуге болады. Бірі қыздарды алаша тоқу әдісімен таныстырып, тоқуға мүмкіндік беріп, тарихына шолу жасап, ол не үшін қажет екенін түсіндіріп әжелеріміз бар білгендерін айтуға тырысып, қыздарға жіп иіруге, ол жіпті  әр түрлі әдемі түстерге  бояуға үйретіп, қыздарымызды қызықтыра біледі. Алаша – жүн немесе мақта жіптерден тоқылған тұрмыстық тұтыну бұйымы. Қолданылатын жіптері иесінің талғамына сәйкес тиісті бояулармен боялады. Негізінен төсеніш ретінде қолданылады. Алаша қарапайым тоқыма станогы – өрмекпен тоқылады. Бүктеуге, жинауға ыңғайлы күрделі композициясы ісмерден үлкен шеберлікті, мол тәжірибені, көркемдік-шығармашылық талғампаздықты талап етеді. «Кілемге бергісіз алаша бар, Ханға бергісіз қараша бар» деген сөз орамы алаша бұйымдарының кейде, өзінің эстетикалық және композициялық шешімі жағынан кілем бұйымдарынан да артық бағаланғандығын аңғартады. Кездесу барысында қыздарымыз біліп, түсініп, үйренгендерін айтып беруге тырысты. Өздері әжелермен бірігіп тоқыған алашасыда әдемі болып тоқылғандарын көруге болады.

 

Екіншісі, қыздарға төр көрпе, шай көрпе не үшін қажет екенін түсіндіріп, оны қандай матадан тіккен дұрыс, қандай оюды пайдаланған жөн екенін түсіндіріп, тоғыз төбе өрнегін пайдаланып шай көрпелерін үлкен қызығушылық танытып үйреніп тігіп жұмыстарын көрсете білді.

 

Үшіншісі қазағымыздың тойдың сәні де, мәні де дорба мен қалта деп, қошқар мүйіз өрнегін қолданып әдемі дорбаларын тігіп көрсетті. Жұмыс барысында әжелер қандай тойға қандай дорба апарған жөн екенін, оны кім апаратыны жайлы білгендерін айтып отырды.

 

Әжелер мектебі арнайы құрылған киіз үй ішінде, бір шаңырақ аясында өтеді, әжелер, аналар мектебіміздің ұстаздары, қыздары, істерін тігіп, естеріне жақсы әндер түсіріп, әндетіп отырды. Шіркін ай десеңші, барша қатысқан адамдардың көңілдері көкке жетіп, бір марқайып қалады. Әжелерімізге дән риза болып алғысымызды білдіріп, бауырсағымыздың иісін шығарып, шәй ішіп, арнайы дорба таратылып, әжелердің баталарына ие болдық.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім бағдарламасы»

 

2. Ж. Артыкбаев. «Этнология және этнография». Астана, 2001ж.

 

3. Наурызбаев «Этномәдени білім» Алматы, 1999ж.

 

 

 

0

Комментарии

  • Никаких комментариев пока не было создано. Будьте первым комментатором.

Оставить комментарий

Гость Суббота, 19 Сентябрь 2020