Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня
  • Страница:
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

ТЕМА: "Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2661

  • Дарига Даулетова
  • Дарига Даулетова аватар
  • Вне сайта
  • Захожу иногда
  • Сообщений: 54
  • Спасибо получено: 36
  • Репутация: 5
Құрметті достар,адамның шынайы болмысы, жақсылық жасау.
Адам адамға жақсылық жасау үшін жаралған.Жақсылық пен игілікті іс жасау-үлкен адамгершіліктің белгісі.Басқа адамдарға көмектесіп жүрген көптеген абзал жандар бар. Егер адам басқаларға жақсылық жасап,қиын кезеңде жақсылық көрсетсе,ол да оған жанашырлық танытады.Жақсылық жасау әрбір адамның міндеті.

Олай болса, баршаңызды "Жақсылықтан жақсылыққа" акциясына шақырамын!
Өздеріңе жақсылық жасаған адамдарға алғысыңызды білдіруге болады, қайырымдылық әрекеттер жасасаңыз өзіңіздің ойларыңызды, пікірлеріңізді, сезімдеріңізді, тілектеріңізді жазуға болады, фото суреттер, коллаждарды еңгізуге рұқсат. Сонымен қатар Жақсылық жасау жолдарымен бөліссеңіздер, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, өлең жолдарын жазуға болады. Рахмет!
Бұл акцияға достарыңызды, әріптестеріңізді, ата-аналарыңызды, оқушыларыңызды шақырыңыз





Қарт ескі досымен шай ішіп отырып:
- Бөлме ішіне мұқият зер салып, қоңыр түсті заттарды есіңде сақта, - дейді.
Бөлме ішінде қоңыр түсті заттар өте көп еді. Бірақ досы бұл тапсырманы еш қиындықсыз орындайды. Сонда қарт оған:
- Енді көзіңді жұмып, көк түсті заттарды атап шық, - дейді.
Досы сасып қалып:
- Мен тек қоңыр түсті заттарға мән бердім. Көк түсті еш нәрсе байқамадым, - дейді.
Қарт:
- Енді көзіңді ашып, айналаңдағы көк түсті заттарға қара. Олар сен ойлағаннан да көп, - дейді.
Бұл шындық еді. Досы қатты таңырқаған сәтте қарт сөзін жалғап:
- Бөлмеден қоңыр түсті заттарды, өмірден тек жамандықты іздей беретін болсаң, оларды міндетті түрде табасың. Олар өміріңнің бір бөлшегіне айналады. Сол себепті, тек жақсылыққа сен!
Расымен де, әлем біздің санамызда өмір сүреді. Мәселе қиындықта емес, сол қиындықты қалай қабылдайтындығымызда.
Последнее редактирование: 2 года 2 мес. назад от Дарига Даулетова.
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Бибигуль, Жанар, Эльдар

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2675

  • Айшат
  • Айшат аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 8
  • Спасибо получено: 4
  • Репутация: 1
«Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа
Жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа» -деп халық жай айтпаған ғой.
Жақсы кісі деп сөзінен ісі көрінетін, айтқан сөзін кейіннен өзі ұстанатын кісіні айтады. Жақсы кісі түсінуге тырысады, бірақ одан пайда іздемейді. Жай адам пайда іздейді, бірақ түсінуге тырыспайды. Адам дүниеге ештеме қалап келмейді. Жақсы мен жаманды өскен соң өзің қалап аласың. Жақсылық пен жамандық адамның іс - әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды адамгершілікке балаған. Адамгершілігі мол адамды «жақсы адам» деген.
«Жарлыға қарас,
Жәрдемі тиер әр жерде,
Жақсымен жанас,
Шарапаты тиер тар жерде» дегендей баршамыз мына қысқа өмірде жақсылық жасауға тырысайық!
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Жанар

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2677

  • Айшат
  • Айшат аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 8
  • Спасибо получено: 4
  • Репутация: 1
Кешірімді болу – жақсылықтың нышаны. Адам баласы өзгені кешіріп қана қоймай, оған жақсылық жасау арқылы әлгі адамның өмірге деген көзқарасын өзгертіп, жақсылыққа деген махаббатын оятады. «Жамандыққа жақсылықпен жауап беру тек сабырлы адамға тән қасиет. Бұл әрекет адамға көптеген несібе әкеледі». Осы тақырыпта балабақшамызда ашық сабақ өткізген едім. Сабақ барысында «Ғажайып ағаштан» жақсылық алмаларын үзіп алған балалар адамдардың жақсы қасиеттерін сипаттады. Ал, «Даналық көпірден» өту үшін жақсылық туралы мақал-мәтелдер айтылды. Сабақтың соңында әр бала жақсы тілек айта отыра қонақтарға шарлар сыйлап жақсы көңіл-күйлерімен бөлісті.
Құрметті Дариға Оразайқызы, «Жақсылықтан жақсылыққа» форумы ашылғанына алғысымды білдіргім келеді. Өйткені орыс тілді балабақшаларындағы бүлдіршіндер Жақсылық сияқты маңызды тақырыпта қазақша сөйлесе алатындықтарын көрсете алғаныма өте қуаныштымын.
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Жанар, Эльдар

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2679

Вложенный файл:

Имя файла: .docx
Размер файла: 12 KB
Администратор запретил публиковать записи.

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2680

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушылары 2017 жылдың 15 наурыз күні Петропавл қаласындағы жетім балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне көктемнің шуақты күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Адамға қуаныш сыйла» атты мерекелік концерті мен сый-сияпаттарын тарту етті. Қайырымдылық іс-шарасы барысында мектебіміздің оқушылары ән-шашуларын, мың бұралған билері мен спорт өнерлерін интернат тәрбиеленушілеріне паш етіп, бір-бірлерімен танысып, қуаныштарымен бөлісіп, тамаша көңіл-күйге бөленді.
Жетім балаларға арналған мектеп-интернатының әкімшілігі, ұжымы және тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, қайырымдылық жасаған мектебіміздің балалары мен ұжымға өз ризашылықтарын жылы лебіздер мен тілектер арқылы білдірді. Осындай жақсылық нұрын бір-бірімізге сыйлап отырсақ, нұр үстінен нұр болар еді. Достар, қайырымдылық, ізгілік жасайық!
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Эльдар

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2681

Құрметті Дариға Оразайқызы, "Жақсылықтан жақсыллыққа" акциясын ұйымдастырғаныңызға алғысым шексіз! Әрбір адам өзінің ізгілік нұрын басқаға сыйлай білсе, әлемді рухани тұрғыда байытып, ізгілік жолына түсірер еді. Менің ойымша, жақсылық жасау - біздің қолымызда, бастысы жүректен шығу керек. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш қасиет негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек». Егер бала кезден бойымызға адамгершілік қасиеттерді сіңіре білсек, жағымсыз ойлар мен әрекеттерден аулақ болуға мүмкіндіктер туады да, ізгілік жолында өмір сүреміз. Сол сияқты Лао-Цзы айтқандай «Сен өзгерсең, сенің айналағындағы әлем өзгереді» деген ойы бұған дәлел. Ең бірінші жақсылық жасауды өзімізден бастайық құрметті ұстаздар. Сол кезде әлемді өзгертіге мүмкіндік аламыз.
Администратор запретил публиковать записи.
  • Страница:
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5