Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня
  • Страница:
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

ТЕМА: "Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 1 нед. назад #2736

Ей, жарық күн, нұрыңды шаш далама,
шаш нұрыңды қарттарға, жас балаға,
ызғар сіңген жеріме шуақ керек,
мұқтаж оған ауыл да, астана да.
Сәулеңменен себеле үміт демін,
жер бетінен жылыссын күдіктерім.
Адамдардың сатқындық, сұмдығынан
қалжыраған жерімді жібіт менің.
Күңгірттенбей, көтерсін шыңым басын,
қарттарымның ұзартқын ғұмыр жасын.
Қорқыныш пен үрей жер кеуделерде,
қу бәрін де – соңына бұрылмасын!
Кетсін тағы шарықтап алысқа үнім,
қонақтасын ырыс пен табыс күнім.
Ұл-қыздары көтерсін қол ұстасып
қазағымның елдік пен намыс туын.
Жарқырасын шуақ боп алғашқы үміт,
жүректерді жүрекпен жалғастырып.
Адамзатқа бірлік бер, тыныштық бер –
ынтымақтан туындар бар жақсылық!
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Дарига Даулетова

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 1 нед. назад #2737

  • Дарига Даулетова
  • Дарига Даулетова аватар
  • Вне сайта
  • Захожу иногда
  • Сообщений: 54
  • Спасибо получено: 36
  • Репутация: 5
Құрметті әріптестер, рухани-адамгершілік тәрбие жөнінде мақала жазсаңыздар қажет болып қалатын ойларды ұсынғым келеді
Шәкәрімнің ойынша осы әлемдегі тіршіліктің барлығы ұсақ, көзге көрінбейтін заттардан бастап, адамға дейін, өзінің қамын, ұрпағының жалғасуын ойлап өтеді. Бұны «өмір сүру үшін күресу» деп атайды. Бір адамдар өздері үшін бақыт іздесе, екіншісі туған туысқандары үшін, үшіншісі түгел жер бетіндегі адамзат үшін бақыт іздейді. Бұл өмірде адамдар үшін толық бақытты болу мүмкін емес. Келесі сұрақтарда оны қызықтыратын: Сенім неде? Жан деген не? Өлімнен кейін өмір бар ма? Бұл әлемді кім жаратты? Философия, жаратылыстану, физика, дәрігерлік саланы зерттеп жүріп, Шәкәрім адамның жанын зерттеу мәселесіне қайта, қайта тоқталып отырды – оның сапасына, әр-түрлі көрсеткіштеріне назар аударды. Адамның бақыты оның ішкі жан дүниесіндегі байлығымен, адамгершілік іс-әрекеттерімен өлшенетініне Шәкәрімнің көзі жетті. Сүйіспеншілікпен, шынайы еңбек ететін адам – бақытты деп есептейтін. Адам баласын өзінің баласындай жақсы көру, оған әділдікпен қарау – осының өзі керемет бақыт. Абай өзінің қара сөздерінде былай жазған екен: «Қашан бір бала ғылым, білімді махаббатпенен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады». Шәкәрім біздің алдымызда дәл осындай данышпан адамның кейпінде елестейді. «Адам болып тудым, адам атымды ақтайын, көп үшін, халық үшін, келешек ұрпақ үшін еңбек етейін. Кейінгіге үлгі аларлық із - белгі қалдырайын, адам атым өшпесін, тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым.
Администратор запретил публиковать записи.

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 1 нед. назад #2738

  • Дарига Даулетова
  • Дарига Даулетова аватар
  • Вне сайта
  • Захожу иногда
  • Сообщений: 54
  • Спасибо получено: 36
  • Репутация: 5
:) Айгерім, жақсы өлең жолдарын ұсынғаныңыз үшін рахмет! аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, фото суреттер, дәйексөздерді ұсынуға болады. Жиі жазып тұрыңыз.
Администратор запретил публиковать записи.

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 1 нед. назад #2739

  • Бибигуль
  • Бибигуль аватар
  • Вне сайта
  • Новый участник
  • Сообщений: 2
  • Спасибо получено: 2
  • Репутация: 0
Жақсылық пен Жамандық
Ертеде адам ата өз ұрпағын сынау үшін адамның оң иығына жақсылықты, сол иығына жамандықты отырғызып қойыпты. Адам бір іс жасарда жақсылық істе десе, жамандық істеме деп сыбырлайды екен. Сөйтіп адамның бойында қай қасиет басым екенін байқамаққа оны сапарға аттандырыпты. Адам біраз жол жүріп, өзен жағасымен шаршап келе жатса, судың жағасына шығып қалған балықты көрді. Балық секіріп суға жете алмай жатыр екен. Жақсылық жаны ашып: Адам ана балыққа көмектесіп жібер,- десе, Жамандық: Қой, жөніне жібер, уақытыңды алма, -дейді. Адам әрірек асып барып, мойнын бұрып қарайды. Балық шарасыздан көзі жәутеңдеп көмек сұрағандай болады. Адам шыдай алмай кері бұрылып барып, балықты суға салып жібереді. Балық ризашылығын білдіріп, суда ойнақшып секіріп, құйрығын бұлғақтатып, суға сүңгіп кетеді.Адам одан әрі жүре береді. Бір теректің қасынан өтіп бара жатып, шыр-шыр еткен дауысты естіп тұра қалады. Еңкейіп енді көтерейін деп жатса, Жамандық: Осы торғайдың балапанына бола жолдан қалмақпысың? Оны көтеріп ұясына салу үшін теректің басына шығу керек. Мерт болсаң қайтесің? Өзің далада ит-құсқа жем боласың ғой дейді. Адам ойланып тұрып қалады. Осы сәтте Жақсылық: Ей адамзаттың баласы, сен әлсіздерге қорған болып, қол ұшыңды беру үшін жаратылғансың. Мына бейшара балапанды ұясына сала кет. Шарапаты тиеді, -дейді. Адам тағыда шыдай алмай балапанды алып теректің басына өрмелеп шығып, ұясына салып кетеді. Балапан шиқ –шиқ етіп, қанатын қағып, риза болды. Адам демалып алмақшы болып отыра бергенде аяғының астында бидайдың дәнін әрең сүйреп бара жатқан құмысрсқаны көзі шалады. Құмысрсқа дәннің ожақ бұжағына шығып, қозғауға ыңғайлы ретін таба ламай, ісі өнбек келеді екен. Адам әуелі жамандықтың айтуымен сөзіне құлақ түреді. Ол: Әй адам-ау қалай ғана адамдығынан айнып кетуге әзір тұрасың. Бұл құмырсқа өзінен үлкен дәнді сүйреп, машақаттанып келе жатқанда қол ұшыңды көрсетіп жолына салып жіберудің орнына, оны қызықтап, ермек қылғын келгені қалай? Одан да еңбек етуді осы кіп-кішкене тіршілік иесінен үйренбейсің бе? – деп налынған екен. Адам өз ойынан ұялып, райынан қайтады. Сөйтіп Адам ата ұрпағын шақырып алып:Міне, балам жамандыққа ерсең жаман боласың. Жақсылыққа ерсең жақсы боласың. Мен саған үш сын бердім. Үшеуінен де өттің. Разымын. Енді осылай адамдығынан айнымай, айлаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай жақсылыққа жолдас бол,- деп батасын берді. Содан бері адам баласы жақсылықпен мұратын жетіп келеді екен.
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Эльдар

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 1 нед. назад #2743

  • Дарига Даулетова
  • Дарига Даулетова аватар
  • Вне сайта
  • Захожу иногда
  • Сообщений: 54
  • Спасибо получено: 36
  • Репутация: 5
Бибигуль, аңыз-әңгімеңізге рахмет, сабақтарда қолдануға болады екен
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Бибигуль

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 1 нед. назад #2750

Жасы үлкен ата мен оның немересі үйдің алдында ырсылдап, алпарысып жатқан екі итке қарап отырыпты. Иттердің біреуі ақ, екіншісі қара. 12 жасар немере өзін білгелі осы иттер үнемі атасының үйі алдында алпарысып жататын. Атасы көзін алмай қарайтын ірі иттер еді бұлар.
Немере: «Ата, иттеріңіз соншалықты үлкен — үйіңізді қорғауға біреуі де жетер еді ғой, неге екеуін ұстайсыз? Ал түстері ше — неге біреуі ақ, екіншісі қара болуын қаладыңыз?» деп атасынан сұрады.
Жасы 70-ке жеткен ата немересіне күлімдеп қарады да:
«Ол иттерім, мен үшін екі таңба, балам.» — деді.
— Ненің таңбасы?
— Жақсылық пен жамандықтың. Тура осы иттер ұқсап, ішіміздегі жақсылық пен жамандық үнемі күресіп жатады. Иттерге қараған сайын соны ойлаймын. Сол үшін оларды қасымда ұстаймын.
Кішкентай бала, күрес болса онда жеңген мен жеңілген де болуы керек деп:
"Қалай ойлайсыз, осы күресті қайсысы жеңіп шығады екен?"
Атасы балаға қүлімдеп қарап:
"Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем — сол!"
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Эльдар
  • Страница:
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5