Добро пожаловать, Гость
Логин: Пароль: Запомнить меня
  • Страница:
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5

ТЕМА: "Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2682

Бір диуана ел аралап, шаһардан шаһар кезіп, ұзақты күн қоржын артқан қашырының үстінде жүреді. Айтар сөзі, берер батасы: «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» деген мақал болса керек.
Күндердің күнінде есік алдына шығып тұрған еріккен кербез әйел келе жатқан диуананы көріп: «О, сұм неме, міне саған жақсылық та, жамандық та. Ал да же, арам қат!» деп у қосып пісірген бір таба нанды ұстата салады. Нанды қоржынына салып алған диуана ел аралап, жұрттың қол қайырын алып жүре береді.
Диуана шаһардан шаһарға бет алады. Жапан далада шұбап келе жатқан керуенді көреді. Керуен соңында жаяулар келеді. Керуен жақындай келе диуана қасына келіп тоқтайды.
– Е, диуана, жүрген жерің мейірімді, қайырымды болсын, – деп сәлем береді керуен басы.
– Жүрер жол, басар тауың жеңіл болсын, – деп диуана жауап қатады. Керуен соңында азып-тозған аталы-балалы екеу тұр екен.
– Ей, диуана, біздің күн қараң болды. Азық таусылды. Мына тағдырдың тәлкегіне ұшырап, қарақшыларға тоналған аталы-балалы екеуіне жүрек жалғар бірдеңе болса бер, – дейді керуен басы.
Қайырымды диуана қоржынынан бір таба нан алып екеуіне бөліп береді. Неше күн ашыққан олар нанды қомағайлана асай бастайды. Нанды жеп бола бере әуелі бала, одан кейін әкесі құлайды. Сол құлағаннан тіл бермейді. Неше күн, неше түн жол азабын бірге көріп жалғасып келе жатқан ер аза­маттардың өлгендеріне көздері жеткен керуен­шілер диуананы бас салып тепкілей бастайды.
Диуананы ауыз аштырмай сабай береді. Бір мезет диуана үн қатады:
– Уа, қайырымды адамзат, жазықсыз мені таяқтадыңдар, ел берген қайыр-садақаны алып жүре бердім. Кімнің не бергенін қайдан білейін. Бірақ мен осы таба нанды берген үйді білемін…
Ар жағын айтқызбай керуеншілер бастырмалатып кетеді:
– Жүр, баста бізді сол үйге.
Өліктерді артып алады. Диуана керуеншілерді ертіп шаһардағы нан берген әйелдікіне келеді. Керуеншілер түйелерін шөгеріп, өліктерді түсіреді. Жүгіріп далаға шыққан сылқым әйел өліп жатқан өз күйеуі мен жалғыз баласын көріп, өз ісіне өзінің жаны күйзеледі. Ақыры іш құса болып өледі.
Әйелдің зұлымдықпен жазықсыз жанға жауыздық жасамақ әрекеті өз алдына көр болып қазылады.
Міне, «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе» деген мақал осыдан қалған.
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Бибигуль

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2683

Құрметті әріптестер, қайырымдылық концертінің сценарийін сіздерге ұсынамын.
Қожаберген жырау атындағы № 6 орта мектеп оқушыларының
Балалар үйінде өткізілген концерттік бағдарламасының сценарийі
Адамға қуаныш сыйла!
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті балалар, ұстаздар. Бүгін сіздерге мектебіміздің «Қоғамға қызмет ету» бағдармалысының «Адамға қуаныш сыйла!» жобасы аясында сіздерге жақсы көңіл күй, денсаулық, бақыт тілей отыра концерттік бағдарламамызды ұсынамыз.
2-жүргізуші:
Доброта. Какое старое слово!Не века уже, а тысячелетия люди спорят о том, нужна она или нет, полезно она или вредна. Споры идут, а люди страдают оттого,что доброты в их жизни не хватает.
Добро пожаловать на концертную программу средней школы №6 имени Кожабергена жырау!
Ән: Қыздар-ай тобы «28 батыр»

1-жүргізуші:
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылы бір мүддеге біріккен халықтың ғана дамудың таңғажайып шыңдарына жете алатынын көрсетті. Елбасы ұсынған 5 реформаның төртіншісі біртектілік пен бірлік деп аталады. Ол түрлі тарихи себептермен қазақ топырағына табан тіреген этностардың «Мәңгілік ел» идеясы төңірегіне топтасуын көздейді.
2-жүргізуші:
Бүгінгі таңда елімізде жүзден аса өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Қазақстан халқы Ассамблеясы бірлік пен татулықты тірек еткен мемлекеттің дамуына үлес қосушы күшке айналған. Қиындық пен қуанышта алдымен осы ұйым алға суырылып шығып, еліміздегі сан ұлттың басын біріктіріп, ұйытып отыр.

Би: Дарина және Фариза «Ана»
1-жүргізуші:
У каждого человека должна быть мечта ведь мечтая мы, делаем нашу жизнь интереснее, увлекательнее, целесообразнее.
2-жүргізуші:
Жизнь без мечты, как день без света,
Жизнь без мечты на ночь похожа.
Весь этот мир мечтает сделан,
Найти ответы на вопросы!
И лишь кто ищет, тот находит,
Лишь кто желает, тот получит,
Но кто блуждает без дороги,
Все с этой жизни он упустит.



Домбыра: Эльнара
1-жүргізуші:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой алар,
Әнді сүйсең менше сүй, - деп Абай атамыз айтқандай, ән арман әлемі ғой.
2-жүргізуші:
В этот день нельзя без песен,
В песнях все-судьба и жизнь.
Праздник нынче так чудесен,
Все забудь и веселись!

Ән 4 а Дарина және Мөлдір. Ән атауы: Подари улыбку миру
1-жүргізуші:
Салауатты өмір салтын қолдайық,
Әдеттен жаман аманда аулақ болайық!
Өз өмірің өз қолыңда, ей жастар,
Өмірің әлі алда солмайтын.
Биле, жаным, ойнашы,
Ойнағанды қоймашы.
Қайтып келмес жастығың,
Мың бұралып ойнашы.
2-жүргізуші:
Чтоб здоровым, сильным быть,
Со спортом мы должны дружить
Чтоб заступиться за друзей
И наказать врагов
Приемам разным обучаться
я всегда готов.

Каратэ:

1 жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Биші қыздар биімен де үн қосты
2-жүргізуші:
У кого там хмурый вид?
Снова музыка звучит
Мы грустили не разрешаем.
Всех на танец приглашаем!

Би: Камила «Саржайлау»

1-жүргізуші:
Мы все спешим куда – то,
Откладывая встречи, добрые дела,
Не замечая ни восхода, ни заката,
А время мчится, как стрела,
Отправленная, к цели, умелою рукой.
Казалось, только что мели метели,
Но вот уже сменились ливнями весной,
А мы твердим: потом, потом...
Как будто вечность впереди!
И так проходит день за днем,
Но милости от времени не жди!
На добрые дела
Не следует скупитьтся.

2-жүргізуші:
Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Наурыз мерекесі молшылық, табыс, татулық, бірлік жақсылық әкелсін! Мереке құтты болсын

ӘН: Қыздар-ай тобы «Көктем»
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Эльдар

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2685

  • Дарига Даулетова
  • Дарига Даулетова аватар
  • Вне сайта
  • Захожу иногда
  • Сообщений: 54
  • Спасибо получено: 36
  • Репутация: 5
Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушылары 2017 жылдың 15 наурыз күні Петропавл қаласындағы жетім балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне көктемнің шуақты күні – Наурыз мейрамы қарсаңында «Адамға қуаныш сыйла» атты мерекелік концерті мен сый-сияпаттарын тарту етті. Қайырымдылық іс-шарасы барысында мектебіміздің оқушылары ән-шашуларын, мың бұралған билері мен спорт өнерлерін интернат тәрбиеленушілеріне паш етіп, бір-бірлерімен танысып, қуаныштарымен бөлісіп, тамаша көңіл-күйге бөленді.
Жетім балаларға арналған мектеп-интернатының әкімшілігі, ұжымы және тәрбиеленушілері өнер көрсетіп, қайырымдылық жасаған мектебіміздің балалары мен ұжымға өз ризашылықтарын жылы лебіздер мен тілектер арқылы білдірді.


Рахмет, өте жақсы, Бұл өмірде асыл, мейірімді жандар өте көп. Сіздер балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді ұялатып, жақсы тәрбие беріп жатқандарыңызға алғысымыз шексіз. Сыйластықпен Дариға.
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Бибигуль

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2686

  • Дарига Даулетова
  • Дарига Даулетова аватар
  • Вне сайта
  • Захожу иногда
  • Сообщений: 54
  • Спасибо получено: 36
  • Репутация: 5
Құрметті Нургуль, бастаған қадамаңыз сәтті болып, жалғасын тапсын деген тілегім бар. Біздің балаларға осындай іс-әрекеттер өте қажет.
Администратор запретил публиковать записи.
Спасибо сказали: Бибигуль

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2687

  • Дарига Даулетова
  • Дарига Даулетова аватар
  • Вне сайта
  • Захожу иногда
  • Сообщений: 54
  • Спасибо получено: 36
  • Репутация: 5
Құрметті Айшат, белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысып, тәжірибеңізбен бөліскеніңіз үшін сізге ризамын. Алдағы уақытта шығармашылық табыстар, жаңа ойлар, креативті идеялар болғанын тілеймін.
Администратор запретил публиковать записи.

"Жақсылықтан жақсылыққа" акциясы 2 года 2 мес. назад #2688

  • Дарига Даулетова
  • Дарига Даулетова аватар
  • Вне сайта
  • Захожу иногда
  • Сообщений: 54
  • Спасибо получено: 36
  • Репутация: 5
Айшат пишет:
Кешірімді болу – жақсылықтың нышаны. Адам баласы өзгені кешіріп қана қоймай, оған жақсылық жасау арқылы әлгі адамның өмірге деген көзқарасын өзгертіп, жақсылыққа деген махаббатын оятады. «Жамандыққа жақсылықпен жауап беру тек сабырлы адамға тән қасиет. Бұл әрекет адамға көптеген несібе әкеледі». Осы тақырыпта балабақшамызда ашық сабақ өткізген едім. Сабақ барысында «Ғажайып ағаштан» жақсылық алмаларын үзіп алған балалар адамдардың жақсы қасиеттерін сипаттады. Ал, «Даналық көпірден» өту үшін жақсылық туралы мақал-мәтелдер айтылды. Сабақтың соңында әр бала жақсы тілек айта отыра қонақтарға шарлар сыйлап жақсы көңіл-күйлерімен бөлісті.
Құрметті Дариға Оразайқызы, «Жақсылықтан жақсылыққа» форумы ашылғанына алғысымды білдіргім келеді. Өйткені орыс тілді балабақшаларындағы бүлдіршіндер Жақсылық сияқты маңызды тақырыпта қазақша сөйлесе алатындықтарын көрсете алғаныма өте қуаныштымын.

Құрметті Айшат, белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысып, тәжірибеңізбен бөліскеніңіз үшін сізге ризамын. Алдағы уақытта шығармашылық табыстар, жаңа ойлар, креативті идеялар болғанын тілеймін.
Администратор запретил публиковать записи.
  • Страница:
  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5